Ажалы тақағандардың ақтық тілегін орындайтын "жедел жәрдем"тағы бір елде өз қызметін бастады (фото)
Ажалы тақағандардың ақтық тілегін орындайтын "жедел жәрдем"тағы бір елде өз қызметін бастады (фото)
5 жыл бұрын 2852 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралияның Квинсленд штатында Wish Queensland бағдарламасы іске қосылды, жүзеге асырылатын болды. Айықпас дертке шалдыққандардың ақтық тілегін орындайтын. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш бағдарламаның қабылдануына 2017 жылдың соңында орын алған бір оқиға түрткі болған еді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Квинсленд штатында өлер алдында соңғы рет теңізді көргісі келген ажалы тақаған науқас жедел жәрдемге қоңырау шалған болатын... "Бағдарламаның көмегімен Wish Queensland жедел жәрдемі арқылы өз еркімен қолұшын созғысы келетіндер (медициналық білімі толық болмаса да) науқастың соңғы тілегін орындай алады", - деп мәлімдеді Квинслендтің денсаулық сақтау министрі Стивен Майлз. Осылай дей келе ол бұл бастаманы Нидерландыдан алғандарын жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осыдан аттай тоғыз жыл бұрын, дәлірегі, 2006 жылы Амстердам қаласында "жедел жәрдем" жүргізушісі Кис Велдбор айықпас дертке шалдыққан отставкідегі теңізші Марио Стефануттоны емханадан өзге ауруханаға ауыстыру үшін тасымалдайды. Науқас түсуі тиіс ауруханадағы пациентке арналған палата әлі дайын болмағандықтан бірнеше сағат күтуіне тура келеді... Осынша уақытты науқастың қалағанын орындауға арнаған "жедел жәрдем" жүргізушісі қарт теңізшіні Влардинген каналына апарады. Қарт теңізшінің тілегі ой салған Кис Велдбор айықпас дертке шалдыққандардың ақтық тілегін орындайтын волонтерлер қозғалысын құрады. Ол әйелімен бірге Stichting Ambulance Wens Nederland (ақтық тілек жедел жәрдемі) ұйымының негізін қалайды. Ол қолы бос уақытта бастығының көлігін жалға алып, осы жобамен айналысады. Кейін бұл мақсатта көлік сатып алады. Тиісті медициналық құралдармен жабдықталған. Төменде аталған ұйымның айықпас дертке шалдығып, ажалы тақағандардың ақтық тілегін орындау кезіндегі фотолар: 

 

0 пікір
Мұрағат