Айя Софияда Құранның оқылғанын сынға алғандарға жауап қайтарылды
|
Түркияның сыртқы істер министрлігі Ыстамбұл шаһарындағы әлемге әйгілі Айя София тарихи кешенде қасиетті Құранның оқылғанын Грекия тарапынан сынға алынғанына орай арнайы жауап қайтарды. Айта кетейік, Грекияның сыртқы істер министрлігі «ЮНЕСКО әлемдік мұра ретінде мойындаған ғибадат ғимаратында Құран оқу және намаз оқу халықаралық қауымдастықтың атына кір келтіреді»,- деп жөнсіз мәлімдеме жариялаған болатын. Түріктер: «Грекияның сыртқы істер министрлігі түрік халқын қасиетті Рамазан айымен және Қадір түнімен құтттықтаудың орнына Айя Софияда Құранның оқылуын және намаздың оқылуын жаманатты етіп көрсетуде»,- деп жауап қайтарды. Айта кету керек осыдан бірнеше күн бұрын Айя Софияда Түркияның дін істері жөніндегі басқарма жетекшісінің қатысуымен намаз оқылып, мемлекеттік телеарналардың эфирінен берілген болатын.