Airwallex-тің транзакциясы 200 млрд доллардан асты
Airwallex-тің транзакциясы 200 млрд доллардан асты
4 ай бұрын 461 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы қаржылық есепке сәйкес Airwallex (2015 жылы Австралияның Мелбурн қаласында негізі қаланған, бүгінгі таңда Сингапурде орналасқан, қаржылық технологиямен айналысатын, қаржылық қызмет көрсететін әрі бағдарламалық жасақтаманы ұсынатын халықаралық компания) платформасының транзакция ауқымы бір жылда 200 млрд доллардан асты. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компанияның жылдық табысы 900 млн долларға жеткен, яғни, бір жылда 89%-ға артқан. Бүгінде бұл компанияның Париж, Әбу-Даби және Дубайда кеңселері ашылған: 26 нарықта жұмыс істейді. Сондай-ақ, жақында Вьетнамнан CTIN Pay компаниясын сатып алып, іргесін кеңейтіп келеді. Келесі жылы компания Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Латын Америкасында жаңа өнімдерді ұсынуды жоспарлап отыр. Airwallex, бұдан бөлек, Еуропа, Солтүстік Америка және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы нарыққа шығуды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат