|
Әйелді әйелдікке баулитын мектеп ашылды (видео)
|
Башқұрстанда әйелді әйелдікке баулитын мектеп ашылды. Мұнда олар әйелге тән әдеміліктің құпиясына қанығып, отбасы бақытын қол жеткізудің қыр-сырын үйренеді. Мұның бәрі белсенді бір әйелдің пәтеріндегі әдеттегі үйірмеден басталған болатын. Уақыт өте келе бұл үйірмеге қатысқысы келетіндердің қарасы артып, пәтер тарлық ете бастаған. Бастамашыл топтың ұйытқы болуымен Башқұртстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасындағы бос тұрған бөлмеге көшіп, өз алдына мектеп боп ашылды. Аталмыш мектепте психологтар, модельерлер, стилистер, визажистер, ақындар мен тілшілер дәріс береді. Кез келген әйел шәкірті бола алады. Тіпті, ол мұсылман емес болса да.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді