Әйелдерге жұмысқа боянып, жасанып келуге келуге тыйым салынды
Әйелдерге жұмысқа боянып, жасанып келуге келуге тыйым салынды
7 жыл бұрын 4659 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелерде және ел астанасы – Ашһабад қаласында жұмыс істейтін әйелдерге жұмысқа боянып, сыланып, жасанып келуге, дәлірегі, кірпік жалғап, тырнақ бояп, шаш бояп, қымбат жүзік, сырға тағып келуге тыйым салынды. Өйткені, аталған елде өзге елдердегі әйелдер секілді опа-далапқа, косметикалық бұйымдарға қыруар қаржы жұмсайды. Мысалы, кірпік жалғау процедурасының өзі 150 манат (түркімендердің ұлттық валютасы – ред.), яғни, 43 доллар тұрады. Байқасаңыздар, соңғы жылдары Орта Азия елдері экономикалық реформаларды жүргізу деп тұрмыстық деңгейдегі мәселелерді реттеу деп түсінетін секілді. Олай дейтініміз, той-томалақтағы адам санын шектеу, киіну үлгісі, т.б. аспай қалды. Бір жағы ысырапшылдыққа тосқауыл қоятын мұндай шаралар керек те шығар. Десе де халықтың ауқатын көтеріп, тұрмысын жақсартатын ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар тасада қалып барады. Бұл сөзсіз болашақта әлеуметтік апатқа алып келетін дәрменсіздік.

0 пікір
Мұрағат