|
Әйелдерді қорғайтын заң қабылданды
|
Пәкістанның Пенджаб аймақтық парламенті әйелдерді қорғайтын заң қабылдады. Аталмыш заңда ақ жаулықтыларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, жүйкеге жүк түсіретін қорлықтан және материалдық қысымнан қорғау қарастырылған. «Human Rights Watch» құқық қорғау ұйымының сарапшыларының келтірген мәліметіне қарағанда, аталған елде пәкістандық әйелдердің 70%-90% аралығындағылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегіп келеді.