|
«Әйелдер мешіті» алғашқы жұма намазын өткізді
|
Тамыз айының 29-ы күні Дания астанасы – Копенгаген қаласында тек әйелдерге арналып ашылған мешітте алғашқы жұма намазы оқылды. Бірыңғай әйелдерден тұратын жамағатқа, асыл дінімізде құпталмаса да, Ширин Ханхан мен Салиха Мари Феттех есімді әйелдер уағыз айтып, құтпа оқып, имам болды. «Мариям мешіті» деп аталатын құлшылық үйінде өткен жұма намазына 60-тас аса әйел қатысты. Олардың арасында мұсылман еместер де болды. Яғни, мұсылман әйелдер мен мұсылман емес әйелдер қатар тұрып, бірге намаз оқыды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Copenhagen Post» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)