Әйелдер ер-азаматтардың қамқорлығынан неге бас тартуда?
Әйелдер ер-азаматтардың қамқорлығынан неге бас тартуда?
8 жыл бұрын 3116

Twitter әлеуметтік желісінде ер-азаматтардың әйелдерге қамқор болу құқығы қарастырылған заңның күшін жою бағытында науқан басталды. Тарқатып айтқанда, отбасылық құндылығы патриархалдық құрылымға негізделіп, қоғамдық сипат алған Сауд Арабиясындағы ақ жаулықтылар #IamMyOwnGuardian («Мен өзіме өзім қожайынмын») деген атпен хэштег ұйымдастырған. Бұл жайында Sputnik Arabic ақпарат агенттігі хабар таратты. Осылайша саудиялық әйелдерге қарағанда ер-азаматтарға артықшылық беретін 192-ші заңды қолданыстан алып тастауды талап етуде. Айта кету керек, аталған ел аумағында әйелдер ер-азаматтардың рұқсатынсыз өздігінен әрекет ете алмайды, мысалы, үйді жалға алу, шетелге шығу, шағым түсіру, т.б. Тура осындай науқан осыдан бес жыл бұрын да қолға алынған болатын, алайда, сәтсіз аяқталған еді. Өткен жылдың қараша айында ханзада әл-Уәлид бин Талал ел билігінен әйелдерге автокөлік жүргізуге рұқсат беруін талап еткен болатын. «Бұл шектеулердің барлығы ескі салт-дәстүрден шығып отыр. Діннің талаптарынан да асып түскен»,- деп мәлімдеме жасаған еді. 

0 пікір
Мұрағат