Әйелдер ауылы пайда болды
Әйелдер ауылы пайда болды
6 жыл бұрын 2506 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Содырлардың сойқаны мен соғыстан сансыраған Сирияның солтүстік-шығысында күрдтер бақылайтын Қамышлы қаласы маңында әйелдер ауылы пайда болды. The Guardian ақпарат көзі хабарлағандай, Жинбар деп аталатын елді-мекенде тек бірыңғай әйелдерден тұратын қауым ер-азаматтардан бөлек өмір сүреді. Мұндай елді-мекеннің пайда болуына күрд ұйымдарының бірі мұрындық болған. Бұған патриархалдық үстемдік еткен билік құрылымы тарапынан болатын шектеуден әрі капиталистік қоғамның озбырлығынан, өктемдігінен тысқары өмір сүруіне мүмкіндік беру түрткі болған. Қазіргі уақытта аталмыш елді-мекенде күрд және араб әйелдері, сондай-ақ, Шам мен Ирак жерінде ойран салған лаңкестерден қатты зардап шеккен езидтік әйелдер балаларымен бірге тұрып жатыр. Мұнда әйелдер диханшылықпен әрі мал шаруашылығымен шұғылданады. Бұдан бөлек, бұл ауылда бассейн мен білім беру орталығы бар. 

0 пікір
Мұрағат