«Әйел тәрізді» ерлерді телеэкраннан көрсетуге тыйым салынды
«Әйел тәрізді» ерлерді телеэкраннан көрсетуге тыйым салынды
3 жыл бұрын 2913 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Stringer / Reuters

Қытай билігі тәрбие беруде және қандай да бір идеологияны насихаттауда маңызды рөл ойнайтын теледидардың «моралдық бет-бейнесін» түзеуге кірісті. Дәлірегі, Қытай билігі соңғы жылдары корей әншілеріне еліктеген жастар арасында сәнге айналған стилде киінетін жасөспірімдердің әйелдерге тән сыртқы көрінісін телеэкраннан көрсетуге тыйым салмақшы. Бұл жайында islam.kz порталы AP News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теле-хабар тарататын компанияларға тиісті ескерту жасалып, «әйел тәрізді» ерлерді экранға шығармауға пәрмен беріліп жатыр. Поп-әншілердің немесе актерлердің  балғын әрі нәзік «элегантты» бет-бейнесі мен түр-тұлғасы, қытай билігінің пайымдауынша, өсіп келе жатқұан өскелең ұрпақты, жеткіншектерді нағыз ер-азаматқа лайықты тұлғаға айналдырмайды. Телеарналалар да, продюсерлер де қандай да бір шоу (думанды бағдарламаларға) үшін актерлерді іріктеуде «әйел тәрізді» ерлерге жоламауды талап етіп отыр. Бұдан бөлек, шалқып өмір сүру салты мен серілікті, байлықты, атақ-даңқты насихаттамауға үндеп отыр. Соның ішінде адамдардың жеке өмірін экранда (көрермен көзінше) талқылауға тыйым салынды. Еркетотайлар мен нәзік жігіттерді көрсеткенше, «қытайдың дәстүрлі мәдениетін, революциялық және социалистік жетістіктерін» насихаттауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат