|
«Әйел ең басты міндетін ұмытпауы керек»
|
Босния парламентіне ел тарихында тұңғыш рет шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелі сайланды. «Менің сайлануым – әйелдерге, әсіресе, бастарына жаулық тартқан әйелдерге жақсы болды», - деді 38 жастағы депутат Anadolu Agency ақпарат көзіне берген сұхбатында. Канела Зуко – мамандығы қорғаушы және 10 жылдан бері саясатпен айналысып келеді. Ол үш баланың анасы әрі қаза тапқан сарбаздардың балаларына қамқорлық көрсететін жергілікті «Фатма» қайырымдылық қауымдастығын басқарып келеді. Десе де, мансабы мен қоғамдық қызметі оның отбасы тірлігіне еш кедергі болған емес. «Саясатта жүрген әйелдер де өзінің ең басты міндетін ұмытпауы керек – бала тәрбиелеу міндетін», - деді ол сөзінің соңында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті