Айдаһар Алтайдың суына көз тікті
Айдаһар Алтайдың суына көз тікті
6 жыл бұрын 6137 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Су тапшылығынан таршылық көріп отырған Қытайдың бұл мәселенің бас ауруына, басты проблемасына айналғанын талай жазғанбыз. Су тапшылығын жою үшін небір ауқымды жобаларды қолға алып, түрлі технологияларды қолданып жатқан елдердің қатарында Қытай да бар. Су тапшылығын жоюдың барлық нұсқасын қарастырып жатқан Қытай билігі Кремлге қолқа салып отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Алтай аймағынан Қытайға су құбырын тарту жобасын қолдауға шақырып отыр. Бұл су құбырдың ұзындығы 1,5 мың шақырымға жетеді. Аталмыш жоба құны 80 млрд долларға бағаланған. Құбыр тарту мерзімі - 2040 жылға дейін. Қытай сарапшыларының айтуынша, Алтай аймағы көктемгі сел-тасқыннан қатты зардап шегіп отырған өңірлердің бірі. Маусымдық сел-тасқыннан 75−100 млн текше метр су айдалаға ағып кетеді. Оны Қытайдың шөлді және шөлейтті өлкелеріне айдауға болады. 

0 пікір
Мұрағат