Ай кімнің меншігі
Ай кімнің меншігі
6 жыл бұрын 4336 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бір нәрсенің басы ашық: осы уақытқа дейін ғарыш кеңістігі мен ондағы аспан денелері өзекті болып келген жоқ еді. Алайда, технология қарыштап дамыған сайын бұл көкейтесті мәселеге айналып, жерге ең жақын аспан денесі – Айдан пайдалы қазба өндіруді ойластыра бастады. Әлбетте, технологиясы дамыған державалар. Ал технологиясы жоқ елдер ғарыштағы үлесінен қағылмақ. Қазіргі уақытта әлемнің кейбір компаниялары Айдан пайдалы қазба іздеуді, яғни, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап жатыр. Атап айтқанда, олар жер серігінен алтын, платина және өзге де сирек кездесетін элементтерді өндірмек. Десе де бұл процесті заңдық немесе құжат жүзінде реттейтін ереже бар ма? Айдың қойнауындағы қазба байлық кімге немесе қай елге тиесілі?

Сөзімізді арыдан бастасақ: Ай бетіне табаны тиген ең алғашқы адам – америкалық ғарышкер Нил Армстронг. Одан бері табаны күректей жарты ғасыр өтіп кетіпті. Оның Ай бетіндегі қадамы Адамзаттың үлкен қадамы саналады.

Естеріңізде болса, таяуда, дәлірегі, өткен айда Қытайдың «Чанъэ-4» ғарыш зонды Айдың арғы бетіне қонып, алғашқы тәжірибесін жүргізді. Тек қытайлар емес, жапондар да олардан қалыспай Айды зерттеуді жалғасытырып жатыр. Жапондардың iSpace компаниясы Жер мен Ай арасын жалғайтын көлік платформасын жасауге бел буып отыр. Ол ол ма, америкалықтардың ғарыш кеңістігінде жер бетіндегі бәсекелестерін ығыстыру үшін арнайы әскер жасақтауға ден қойғанын да хабарлаған болатынбыз. 2015 жылы АҚШ-та коммерциялық мақсатта ғарышты игеру мәселесі бойынша арнайы заң қабылданды. Онда астероидтардан пайдалы қазба ьайлық өндіруге құқық берілген азаттарына. Бұл заң талабы Айға қатысты емес (сәл кеінірек айтамыз - ред.) Planetary Resources компаниясының негізін қалағандардың бірі Эрик Андерсон аталмыш заңды адамзат тарихындағы меншік құқығына қатысты ең ұлы заң санайтынын мәлімдеген болатын. 2017 жылы мұндай заң Люксембургте де қабылданған еді. Онда да ғарыштағы ресурсқа меншік құқығы қарастырылған. Орыстар да қарап жатқан жоқ: Ресей Федерациясы билігі Айға пайдалы қазба іздестіретін аппарат аттандыруды жоспарлап отыр. Бұған Лваочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестік мұрындық болуда. Ресейліктер бұл мақсатта 2031-2035 жылдар аралығында Айға аппарат ұшыруда ұшыруды жоспарлап отыр. Ал өткен жылдың желтоқсан айында «Роскосмос» пен Ресей ғылым академиясы бұл мақсатта айға аппарат аттандыру мерзімі кейінгі шегерілуі мүмкін екенен де ескертті – 2036-2040 жылдары аралығында.

Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары, дәлірегі, 1967 жылы Біріккен Ұлттар ұйымы ғарыш туралы келісім-шартты дайындаған болатын. Бұл құжатты алғашқы ғарыштық державалар АҚШ пен КСРО және Ұлыбритания мақұлдаған болатын. Аталмыщ құжат бойынша ғарыш кеңістігі, соның ішінде, Ай мен өзге де аспан денелері қандай да бір ұлттың меншігі болып табылмауы тиіс. Айды қарудың күшімен басып алу немесе игеру, я болмаса басқа да жолдармен Айды меншіктемеуі тиіс. Сондай-ақ, 1979 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында Айдағы және өзге де аспан денелеріндегі мемлекеттердің іс-әрекеті (қызметі) туралы «Ай келісімі» қабылданған болатын. Бұл құжатта ай мен өзге де аспан денелерінде қандай да бір мемлекет бекет тұрғызатын болса, әуелі БҰҰ-ның келісімін алуы тиіс. БҰҰ өз кезегінде Ай мен өзге де аспан денелерінде бекетті қандай мақсатта тұрғызатынына қарай келісімін береді. Бұдан бөлек, Ай мен өзге де аспан денелеріндегі пайдалы қазба байлықтар күллі адамзатқа тиесілі екені айтылған. Алайда, «Ай келісімін» тек әлемнің 11 елі ғана мақұлдаған болатын. Олардың арасында бүгінгі таңда ірі ғарыш держвалары да бар: Франция мен Үндістан. Ал Ресей мен АҚШ және Қытай бұл келісімге қосылған жоқ. Ұлыбритания да қалыс қалған еді. «Ғарыш құқығы турады журнал» мерзімді басылымның бұрынғы редакторы Джоан Айрин Габринович халықаралық келісім ештеңге кепілдек бере алмайтынын алға тартқан еді. Оның айтқаны айдай келді. Қазіргі ғарыштық державалардың ғарыштағы әрекетіне қарап отырып редактордың сөзімен келіспеске әддіңіз қалмайды.

P.S. Естеріңізде болса, "Ғарыш кеңістігі болашақта майдан алаңына айналуы мүмкін бе" деген тақырыппен осыдан екі ай бұрын хабар таратқан екенбіз. Сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/garysh-kenistigi-bolashaqta-maidan-alanyna-ainaluy-mumkin-be-11208/#gsc.tab=0

Бұл хабарымызда әлемдік державалардың ғарыш кеңістігі мен ондағы аспан денелерін иемдену үшін ғарыштық әскери күштерін құруға талпынысы туралы жазған болатынбыз. Бұл өз кезегінде ғарышты одан ары зерттеуге, игеруге өз көлеңкесін түсіретінін, яғни, кері әсерін тигізетінін атып өткен едік. 

0 пікір
Мұрағат