|
Ахмет Тайып: Мұсылмандардың өзара диалогы қажет
|
Бахрейнде өркениеттер диалогы тақырыбына арналған жуырда өткен конференцияда әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің шейхы Ахмет Тайып сөз сөйлеп, мұсылмандардың өзара диалогының қажеттілігіне тоқталды.
«Біз екі диалогқа баруымыз керек. Бірі – арабтар мен мұсылмандар арасындағы диалог, екіншісі – арабтар мен мұсылмандардың наным-сенімі өзге өркениет өкілдерімен диалог. Сонымен қатар, ислам дінідегі түрлі өкілдер мұсылмандардың басындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін бір-бірімен келіссөз жүргізуі қажет» - деді ол.
Ол осы диалог арқылы түрлі қайшылықтарды, сол қайшылықтардан пайда болған алауыздықты еңсеруге шақырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды