Ахмадия өкілінің өлімі қоғамда резонанс тудырды
|
Діндес бауырларының қолынан мерт болған Ахмадия өкілінің өлімі британ қоғамында резонанс тудырды. Нақтырақ айтқанда, жуырдағы христиандардың Пасха мейрамында мерзімді басылымдар сататын дүңгіршек иесі, Глазго қаласының тұрғыны, 40 жастағы Асад Шаһ христиандарды осы айтулы мерекесімен құттықтаймын деп ажал құшты. Брэдфорд қаласында тұратын 32 жастағы Танвир Ахсед есімді діндес бауыры христиандарды құттықтадың деген айыппен оған бірнеше жерінен пышақ салған. Асад Шаһ осы жарақатынан қаза тапты. Бұл жайында « Би-би-си» ақпарат көзі хабар таратты. Дені христиан тұрғындары тарапынан Асад Шаһтың банктегі есеп-шотына аз уақыттың ішішнде жүз мыңдаған фунт-стерлинг қаржы түскен. Жүздеген жергілікті тұрғын Асад Шаһ қаза болған жерде түні бойы болып, оның рухына дұға бағыштаған. Олардың арасында осы сайлау округынан шыққан Шотландияның бірінші министрі де болды.