Ахмадилер бас қосты
|
30 000-нан аса асыл дінімізден ауытқыған Ахмадия сектасындағылар Британияның Хэмпшир қаласына жиналды. Нақтырақ айтқанда, Туриндік плащаница (Тури́ндік плащани́ца (итал. Sindone di Torino) — христиан жәдігері, төрт метрге жететін зығырдан жасалған полотно. Аңыз бойынша Иса пайғамбарды (р.а.) айшыққа кергеннен кейін оның денесін осы полотноға ораған. Ол қазіргі уақытта Турин қаласындағы Әулие Иоанна соборында сақтаулы тұр – ред.) жөніндегі иудей сарапшысы Барри Шварцтың дәрісін тыңдау әрі осынау жәдігерді көру үшін жиналды. Көрмеге әлемнің жүз елінен дипломаттар, ғалымдар және ахмадия сектасының өкілдері ат арытып келді. Олардың алдына Лондон мегаполисінде тұратын ахмадияшылардың көсемі шығып, сөз сөйледі. Бұл жайында IslamNews порталы Catholic Herald ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Өздеріңіз білетіндей, мұсылмандар Исаның пайғамбар екеніне шәк келтірмейді. Алайда, оның айшыққа керілгенін теріске шығарады. Ал ахмадилер Исаның (р.а.) айшыққа керілгеніне көзсіз сенеді. Сөйтеді де өздерін мұсылмандар санатына жатқызады. Алайда, олардың бұл сенімі исламға қайшы екенін ескермейді.