|
Ағашқа күртеше "кигізгендердің" мақсаты қандай?
|
Косоволық студенттер мұқтаж адамдар үшін ерекше науқанды қолға алды. Олар жергілікті саябақтағы ағаштарға күртеше кигізуде. Осылайша мұқтаж адамдар бойына шақ киімдерді оңай таңдап, көзге көп түспей қайтып кетуіне болады. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Призрен жастары әлеуметтік желіде ел тұрғындарына үндеу тастап, қажетсіз киімдерін, әсіресе, қыстық киімдерді жинады. Жергілікті тұрғындар бастамашыл топтың акциясына атсалысып, бүтін әрі жылы киімдерін тапсырды. Нәтижесінде 300-дан аса сырт киім жиналған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін