Африканың бір ғана елі жәндіктерді өсіруден жылына 55 млн долларға дейін пайда тапқан
Африканың бір ғана елі жәндіктерді өсіруден жылына 55 млн долларға дейін пайда тапқан
5 жыл бұрын 4163 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жәндіктердің физиологиясы және экологиясы жөніндегі халықаралық орталық (Icipe) келтірген дерекке қарағанда, Эфиопиядағы жәндіктер өнеркәсібі аталған елді экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерде тұрақты даму даңғылына түсіреді. Бұл жайында ENA ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш орталықтың әлеуметтік ғылым және әрекетті бағалау бөлімінің жетекшісі Менале Касси мынадай мәліметті алға тартты: әдеттегі жем түрлерінің 5−15%-ын балық ұны, жүгері дәні, соя шроты, сондай-ақ, коммерциялық құс өнеркәсібінде қорек ретінде пайдаланылатын шыбын личинкасының қара тозаңы секілді азық ингредиенттерімен алмастыру жылына Кенияның жалпы ішкі өнімін 55 млн долларға дейін арттырған. Аталған елдің жалпы ішкі өніміндегі оның үлесі өз кезегінде кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандар қарасын 0,09−0,26 млн адамға кемітеді. Оның үстіне, жәндіктерді өсіру көп шығынды қажет етпейді. Жәндіктерді өсіру Кениядағы секілді жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Менале Касси осылай дей келе Эфиопия жәндіктерді өсіру арқылы несепнәр және DAP секілді органикалық тыңайтқыштармен бірдей органикалық тыңайтқыштарды өндіре алатынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат