Африкалық мұсылман елдерінде өзін діндарлыққа жатқызбайтын тұрғындар саны нақтыланды
Африкалық мұсылман елдерінде өзін діндарлыққа жатқызбайтын тұрғындар саны нақтыланды
3 ай бұрын 1059 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы бизнес ортада бағдар алуы үшін ғаламдық инвесторларға, кәсіпкерлерге және білікті мамандарға эккономикалық және әлеуметтік фактіге негіздеп сараптамалық деректерді ұсынатын The African Exponent ұйымының таяудағы есебінде келтірілген мәліметке сәйкес өзін діндар санамайтындар қарасы бойынша Марокко тоғызыншы орынға табан тіреген. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыг ұйымның мәліметіне орай мароккалықтардың 35%-дан астамы өзін діндарлардың қатарына жатқызбайды. Десе де бұл топтың арасында атеистер саны ат тқбееліндей аз болып шыққан. Дәлірегі, Марокко халқының үштен бірінен көбі ресми дінінен бойын аулақ салады. Ал аталған араб елінде ислам негізгі дін ретінде алға шығады. Баяндамада атап көрсетілгендей, қоғамның құндылықтары мен жеке сенім арасындағы айырмашылық немесе алшақтық ұлғайып барады. Әсіресе, жастар арасында. Соның ішінде жоғары білім мен әлемдік дұқааралық ақпарат құралдарының ықпалына ұшыраған Касабланка, Рабат және Марракеш аймақтарында. Тағы бір араб еліне келсек, Тунис бұл тізімнің басында тұр - онда ел азаматтарының 2,2% -ға жуығы өздерін атеист және 35% -ға жуығы діндар еместігін жасырмаған. The African Exponent The African Exponent  платформасы бұл үрдісті елдің саяси және әлеуметтік тарихымен байланыстырады, дәлірегі, бұрынғы президент Хабиб Бұрғыбаның зайырлы реформаларынан бастап, дін мен бірегейлік туралы пікірталас қалыптастырған 2011 жылғы революцияға дейінгі факторлар ықпалын тигізген. Ал Мысырға тоқтаалсақ, аталмыш тізімде жетінші орыннан көрінген – ел тұрғындарының 0,1%-ы өзін атеист ретінде көрсетсе, 25%-ға жуығы өзін діндар еместігін жеткізген. Тізімде төртінші орынға жайғасқан Либия халқының 0,3%-ы – атеист, 23%-дан астамы – діндар емес. Екінші орынға иек артқан Нигерияда бұл көрсеткіш былайша өрнектеледі:  0,4-ы – атеист,  5%-ы діндар емес. Бұл тізімге, сондай-ақ, Гана, Конго демократиялық республикасы, Зимбабве, Эфиопия және Кения, т.б. кірген.

0 пікір
Мұрағат