Африкалық ел шетелдегі жерлестерінің жерлеу шығынан сақтандыру есебінен өтеуді көздеп отыр
Африкалық ел шетелдегі жерлестерінің жерлеу шығынан сақтандыру есебінен өтеуді көздеп отыр
3 ай бұрын 529 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұзақ мерзімге сақтандырумен айналысатын Econet компаниясының еншілес кәсіпорны – EcoSure  шетелде тұратын зимбабвалықтар үшін жерлеу рәсімін сақтандыруға қатысты жаңа қызметін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы NewsDay ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара өз кезегінде кісісі қаза болған шетелдегі қандастарының қаржылық шығынын азайтуға әрі жат жұртта көз жұмған туысын отанына жеткізу машақатын жеңілдетуге бағытталған. EcoSure Diaspora Cover қызметі ең төменгі шек - ай сайын 12 доллардан бастап 15 000 долларға дейін жарна төлеу сервисін енгізді. Оңтүстік Африкада тұратын зимбабвалықтар үшін сақтандыру жарналары айына 54 рандтан басталады және 150 000 рандқа дейін жабылады немесе Зимбабвеге толық оралатын шығын мөлшерінде сақтандыру жарнасын енгізген. «Көптеген отбасылар жерлеу мен жақындарын қайтару шығындарын жабу үшін әлеуметтік желілердегі краудфандингтік, яғни, платформа арқылы ақша жинау науқандарына сүйенуге тура келді», - деді аталмыш компания өкілі. Әлемде алғаш рет ұсынылып отырған мұндай қызмет зимбабвалық диаспораға тиімді. Статистикалық мәлімет бойынша бүгінде зимбавалық  диаспора өкілдерінің қарасы үш миллион адамды құрайды. Жат жұртта жан тапсырған адамның мәйітін отанына жеткізу логистикалық әрі жерлеу шығындарына байланысты көп қиындық тудырады. Осыны ескерген аталған компания интернетте полисін ұсынып отыр (www.ecosure.co.zw/diaspora). Шетелдегі зимбабвалықтар осы мекен-жайға кіріп, тіркеле алады, сақтандыру жарнасыныңң төлемдерін онлайн режимде басқара әрі бақылай алады. Бенефициарлардың ақшалай төлем алу мүмкіндігі де қарастырылған - оларға өз қажеттіліктеріне сәйкес жерлеу ғұрпын тиімді жолмен ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қызметтерді ұдайы ұсынуға кепілдік беру үшін EcoSure компаниясы бұл тарапта репатриация логистикасында тәжірибесі бар беделді жерлеу қызметтерін жеткізушілермен ынтымақтасады. 2014 жылы құрылған EcoSure бүкіл ел бойынша миллиондаған сақтандырушылары бар Зимбабведегі ең ірі микро сақтандыру жеткізушілерінің бірі.

0 пікір
Мұрағат