|
Африкадан құмысқаларды ұрлап жатыр
|
Шан Кекүн және Шарлз Мванги есімді азаматтар 1948 құмырсқаны қолды қылғаны үшін тұтқындалып, Найроби (Кения астанасы) қаласында сотталды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай азаматы мен кениялық тұрғын сыбайласып, жабайы табиғатты заңсыз тонаған. Дәлірегі, арнайы кішкентай құтыда тірі құмырсқаларды сақтаған, тасымалдаған, шекара асырмақ болған, осылайша жәндік саудасынан пайда таппақ болған. Африка құрлығының шығыс бөлігінде орын тепкен аталған елден Еуропа мен Азияға құмырсқа контрабандасы өршіп барады. Десе де құмырсқаларды қандай мақсатта пайдаланылатыны анықталған жоқ. Прокурорлар Қытай азаматының кегниялық тұрғынға 600 құмыраның бастапқы партиясына 60 000 кениялық шиллинг (463 доллар) және 700 құмыраның басқа партиясына 70 000 шиллинг (540 доллар) төлегенін алға тартып, айып тақты. Күдіктілер арнайы пробиркаларда сақтаулы 1 948 бақша құмырасы мен орамдарда 300 құмырасы табылғаннан кейін тұтқындалды. Прокурорлар күдіктілерде Кенияның жабайы табиғатты қорғау туралы заңдарында осындай түрлермен жұмыс істеу немесе сату үшін қажетті рұқсаттар болмағанын айтады. Құмырсқаларды ұрлау фактісі тек бір бұл емес – өткен жылы белгиялық жасөспірімдер пробиркаға 5000 құмырсқаны салып шекара аспақ болғанда қолға түскен. Бұдан бөлек, өткен жылы вьетнамдық азамат 400 құмырсқаны шекарадан алып өтпек болғанда қолға түмскен. Кенияның жабайы табиғатты қорғау қызметі мәлімдегендей, құмырсқаларды заңсыз экспорттау жергілікті биологиялық әралуандылыққа қауіп төндіреді.