Африкадағы аштық азабын аз жылда 300 млн адамға дейін тартады
Африкадағы аштық азабын аз жылда 300 млн адамға дейін тартады
11 күн бұрын 327 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Oli Scarff / Getty Images

Бір саусақ санындай жылда, яғни, 2030 жылға таман Африка құрлығындағы аштық азабын тартатындар қарасы 300 млн адамға дейін жетуі ықтимал. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Аддис-Абебте (Эфиопия астанасы) өткен Африка елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық жиында сөз алған Эфиопиядағы Халықаралық қызыл айшық комитетінің делегациясының жетекшісі Симон Эшлиманның дерегіне жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Баяндамада Африкадағы елдерден 26 мемлекеттегі азық-түлік өнімдерінің бағасы соңғы 4 жылда екі еседен аса өскені айтылған. Бұған климат дағдарысынан егістік алқаптарына келген зиян себеп болған. Осының кесірінен аталған құрлықтағы әрбір төртінші тұрғыны азық-түліктен тапшылық көріп отыр.

0 пікір
Мұрағат