Африкада ықпалын кеңейткісі келетін ірі державалардан бөлек үш мұсылман мемлекетінің белсенділігі артып келеді
Африкада ықпалын кеңейткісі келетін ірі державалардан бөлек үш мұсылман мемлекетінің белсенділігі артып келеді
42 минут бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд арабиясы, Бірікккен араб әмірліктері және Түркия Африка құрлығындағы стартегиялық маңызы зор айлақтарға миллиардтаған қаржы құйып, әскери базаларын ашып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мақсат - аталған құрлықтағы ресурсұа бақылау орнату әрі ықпалын арттыру. Соңғы бастамалардың қатарында Сауд Арабиясының 13 елден әскери-теңіз альянсын құратыны туралы дерек те бар. Осылайша халықаралық сауда-саттықта стратегиялық маңызы зор Қызыл теңізде және Баб-әл-Мандеб бұғазы ауданында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Түркия Пәкістанмен бірге Меккеде қол қойылған бірлескен қорғаныс туралы келісім аясында осы бастамаға қосыла алады. Алайда, австралиялық ABC телерадиокомпаниясының сарапшысы Лора Тингл талдағандай, Қызыл теңіздегі жобалар Африкаға әлдеқайда дендеп енудің басы ғана. Оның бағалауынша, мұндай ықпалдастық айналып келгенде «Африка үшін бәсекелестікті» еске түсіреді, әлбетте, бұл арада отарлау турасында емес, қаржы айналымы, пайдалы қазбаларды өндіру және айлақтарды бақылау турасында сөз болып отыр. Мәлімет бойынша Африкада сирек кездесетін жер элементтерінің әлемдік қорының шамамен 15% -ы бар. Бұдан басқа, құрлықта электрмен жүретін көлік өндірісінде және қорғаныс өнеркәсібінде пайдаланылатын литий және кобальт сияқты стратегиялық маңызды металдардың едәуір қоры жатыр. Сауд Арабиясы Африкадағы даму, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жобаларына 41 миллиард доллардан астам инвестиция салуға уәде берді. Түркия өз кезегінде құрлықтағы дипломатиялық қатынасын едәуір кеңейтті, авиабағыттар мен қару-жарақ экспортын ұлғайтты, сондай-ақ, Либия, Сомали және Нигерге әскерін әкеліп жатыр. Financial Times мерзімді басылымының келтірген мағлұматына сәйкес 2017 жылдан бастап Әбу-Даби Африкаға 168 миллиардтан астам доллар құйған. Атап айтқанда, DP World әмірлік логистикалық компаниясы 13 елде айлақтарды басқарады. Бұдан басқа, БАӘ ауыл шаруашылығы жобалары мен пайдалы қазбаларды өндіру үшін ірі жер аумақтарын сатып алып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат