Африкада 12 африкалық емес мемлекеттің әскери базасы бар
Африкада 12 африкалық емес мемлекеттің әскери базасы бар
5 жыл бұрын 2514 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шведтердің қорғаныс саласын зерттейтін агенттік дайындаған «Африкадағы шетелдік әскери базалар мен нысандар» деп аталатын баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, аталмыш құрлықта 12 африкалық емес мемлекеттің әскери базалары бары белгілі болды. Әлеуеті зор, ресурсқа бай Африкадағы керә кеткен әлеуметтік-экономикалық жағдайды, саяси дағдарысты, қарулы қақтығысты, т.б. факторларды пайдаланған әлемдік державалар Африка үшін өзара күрес жүргізіп жатыр. Африканы ықпал ету аймағына айналдырғысы келетін державалар бұл құрлықта ең алдымен стратегиялық экономикалық мүддесін қорғау үшін әскери базаларын ашып жатыр. Африкалық емес мемлекеттердің аталмыш құрлықта африкалық Рогада және Батыс Африкада әскери базалары көптеп ашылған. Әлемдік державалар ең алдымен террористермен күресуді және заңсыз көші-қонға тосқауыл қоюды алдына мақсат еткенімен өздерінің мүддесін қорғауды ойлайды. Мәселен, кезінде Африканы отарлаған  Францияны алайық: Малиде тыныштық болғанын қалайды, өйткені, бұған мүддесі итермелейді немесе Италия Либияда белсенді әрекет етуінің астарында 2015 жылдан бері ағылған босқындар тасқынына тосқауыл қоюды мақсат еткенімен осы елдегі өзінің энергия ресурстарына қатысты мүддесін қорғайды. Бір ғана Францияның Африкада 16 әскери базасы мен нысандары бар. Сондай-ақ, АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия, Жапония сынды державалар да аталған құрлықта әскери базаларын ашқан. Мәселен, АҚШ-тың Африкада 33 әскери базасы мен нысаны бар.

0 пікір
Мұрағат