|
Африка үшін бәсекелестікте Қытай күтпеген жүріс жасады
|
Қытай белгілі бір шарттары бар батыстың ұсыныстарына қарағанда өз нарығын серіктестіктің негізгі құралына айналдырды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post Publishers Ltd. ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығында көп ұзамай айтулы оқиға орын алады? Стратегиялық, дипломатиялық, экономикалық, т.б. барлық салада маңызды ықпалын тигізетін оқиға. Қытай мамыр айының 1-нен бастап Африка елдеріне нөлдік тариф саясатын енгізеді. Халық саны жағынан Азиядан кейінгі орында тұрған Африка құрлығы үлкен нарық. Осы құрлықтағы 55 мемлекеттің дипломатиялық қатынасы бар 53 еліне Қытай тарихта бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктің есігін айқара ашпақ. Осылайща Африка экспорттық және ипорттық әлеуеті өсіп, экономикасын әртараптандыруға мейлінше қолайлы жағдайға ие болмақ. Қытай билігінің қойнауы қазынаға толы Африка құрлығына қатысты осынау геосаяси қадамы батыс елдерін алаңдатып отыр. Бейжіңнің бұл қадамы мынадай траекторияға негізделген: Қытай көшбасшылары бұған дейін, соның ішінде Қытай мен Африка арасындағы ынтымақтастық жөніндегі форумда (FOCAC) африкалық тауарларға кеден салығынсыз қызмет көрсету аясын кеңейтуге және сауда-саттықты барынша теңдестіруге уәде берген болатын. 2025 жылы Қытай Африкадағы барлық дерлік тауарларға тарифтерді алып тастайтынын жариялады. 53 ел үшін нөлдік тариф режимін осы күн тәртібін жеделдету және шоғырландыру ретінде қарастырған дұрыс. 2025 жылдың алғашқы сегіз айында Қытай мен Африка арасындағы сауда 15,4 пайызға өсіп, 222 миллиард долларға жетті. Қытай импорты Анголадан мұнай, Замбиядан мыс және Конго Демократиялық Республикасынан кобальт, сондай-ақ, кофе, шай, жеміс-жидек және өнеркәсіп тауарларын қамтиды. Қытай экспорты техника мен көлік құралдарынан телекоммуникациялық жабдықтар мен тұтыну тауарларына дейін қамтиды. Африка экспорт-импорт банкі Қытайдың нөлдік тариф саясаты экспортты әртараптандыруға, логистикалық желілерді нығайтуға және өңірлік құн тізбектерін тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сарапшылар ауыл шаруашылығы өнімдері, тоқыма және фармацевтика сияқты секторлары, егер олар сапа мен стандарттарға инвестициялармен, тарифсіз режиммен үйлестірілетін болса, африкалық өндірушілер тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткізеді. Бұл жайт өз кезегінде Африка елдеріндегі инфляция мен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермек. Ал батыс елдері көп жағдайда Африканың доноры болып отыр. Соған сәйкес афорикалықтармен арадағы сауда-саттықта қоршаған ортаны көп ластайтын өндіріс арқылы өндірілген тауарларға, тазалық талаптарына, құл еңбегін пайдаланбайтын өндіріске қатысты қойылатын талаптар кәрі құрлық пен қара құрлық арасындағы негізгі тосқауылдарға айналған. Батыс елдерінен Африка теріс айналып кете алмайды. Өйткені, батыс қауіпсіздік пен байланыс құралдары, технологияны әкеледі. Әлбетте, Қытайдың тарифсыз режимі өз кезегінде Африка елдерін экономикасын реформалауды жеделдетуге, инфрақұрылымын жетілдіруге, инвестицияны тартуға, адам ресурсын тиімді жобаларға жұмылдыруға, т.б. итермелейді. Мұндай іс-шаралар Қытай мен Африка арасындағы сауда-саттықтағы бәсекелестікті жоғары деңгейге көтеруі тиіс.