Африка құрлығының оңтүстігін жайлаған құрғақшылықтан миллиондаған адамға аштық қаупі төніп келеді
Африка құрлығының оңтүстігін жайлаған құрғақшылықтан миллиондаған адамға аштық қаупі төніп келеді
7 ай бұрын 492 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биыл, дәлірегі, қаңтар айында басталған құрғақшылық мал басының күрт кемуіне, астықтың күйіп кетуіне ықпал етіп, миллиондаған адамның азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіруде. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. Құрғақшылық негізінен Эл-Ниньо деген атпен танымал құбылыспен (экваторлық Тынық мұхитының беткі жағындағы судың температурасының климатқа айтарлықтай әсер ететін ауытқу) себеп болған, салдары  - вегетациялық кезеңде жауын-шашын процесін өзгерткен. Калифорния университетінің климат қатері орталығының (CHC) зерттеу нәтижесіне сәйкес Африка құрлығының оңтүстігіндегі көптеген аймақтарға осы жылдың қаңтар айының соңы мен наурыз айының ортасы аралығында әдеттегі жауын-шашынның жартысы немесе одан аз түскен. Ақпан айы Замбияға, Зимбабвеге, Анголаның оңтүстік-шығысына және Ботсвананың солтүстігіне ауыр соқты – көктен нәр тамбады. Құрғақшылықтан мал шаруашылығы күйреуге аз-ақ қалған. Зимбабведе 9 мыңнан астам ірі қара мал басы баудай түскен. Осы жұттан кем дегенде 1,4 миллион мал басын жоғалту қаупінің тым жоғары екені анықталды.

0 пікір
Мұрағат