Африка құрлығындағығы ең ірі ГЭС іске қосылды (видео)
Африка құрлығындағығы ең ірі ГЭС іске қосылды (видео)
3 ай бұрын 1181 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. © Tiksa Negeri / Reuters

Эфиопия аумағында күллі Африка құрлығы бойынша ең ірі гидроэлектр стансасы жұмысын бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Эфиопияның ұлы жаңғыру бөгеті» су электр стансасының құрылысы Көгілдір Ніл өзенінде 2011 жылы басталған болатын. 2022 жылы алғашқы турбинасын іске қосылды. Қазіргі уақытта 5155 мегаватт қуат өндіреді. Эфиопиядағы бұл су электр стансасы әлемдегі ең ірі 20 ГЭС-тің қатарына енді. «Жаңғыру» ГЭС-і елдің 120 млн тұрғынының энергияға деген қажеттілігін өтеп қоймайды, сонымен қатар, артығы көрші елдерге экспортталады. Десе де Африкадағы ауқымды бұл жобаға екі ел қатты қарсылық көрсетіп келді: Мысыр мен Судан. Өйткені, аталған екі мемлекет те Нілдің суын пайдаланады. «Жаңғыру» ГЭС-і екі елдің су арнасын азайтып, ауыл шаруашылығы мен биологиялық әр алуандылығына нұқсан келтіреді. Осы екі елдің экономикасына кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты Мысыр билігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне аталмыш жобаға ресми наразылық білдіріп, арнайы хат болдаған еді. Бұл хатта Эфиопияны халықаралық құқықты бұзды деп қатаң айыптады. Нілдің суы аймақтағы бірден-бір тұшшы су көзі.

0 пікір
Мұрағат