Африка құрлығындағы ең ірі түйе базары дағдарысқа ұшырады
Африка құрлығындағы ең ірі түйе базары дағдарысқа ұшырады
17 күн бұрын 459 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тек Мароккода ғана емес, сонымен қатар, күллі Африка құрлығындағы ең ірі, ойсыл қара тұқымы саудаланатын  базар қиын кезеңге тап болды. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Марокканың Гелмим аймағындағы Әмһайр базары елді жеті жыл қатарынан жайлаған құрғақшылықтан бірнеше дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. Бұл базар – осы өлкенің барометрі іспетті: құрғақшылықтан жайылым жерлер азайып, төрт түліктің төресіне кететін жем-шөбі қымбаттап, жануардың бағасын шарықтатып жіберген. 10 мың шаршы метрді алып жатқан ауқымды базар аумағында түйе жыл бойы саудаланады. Әйтсе де соңғы жылдары түйе басы көп кеміп кеткен. Жайылымның жойылуынан, жем-шөп бағасының көтерілуінен. Африканың түкпір-түкіпірінен түйе саудасына ағылып келетіндердің де бағаның қатты көтерілгеніне наразылықтарын жасырмайды. Әсіресе, ұрғашы түйелердің бағасы шарықтап кеткен. Бұған қоса, жұмысшы қолының жетіспеушілігі де дағдарысты одан ары тереңдеткен: бүгінде түйешілер айына 400 еуро жалақы талап етеді. Тіпті, сондай ақшаға жалданған түйешілердің өзі бірнеше аптадан соң кетіп қалады. Түйе шаруашылығының қожайындары табиғаты қатал өңірде төзімділік танытатын мавританиялық түйешілерді жағалайды.

Climate change threatens Morocco's camels, and with them its cultural ...

 

Camel Market AT Shalateen | Golavita

0 пікір
Мұрағат