Африка құрлығындағы аптап ыстықтың бетін қайтаратын аса ірі, бірегей жоба қолға алынады
Африка құрлығындағы аптап ыстықтың бетін қайтаратын аса ірі, бірегей жоба қолға алынады
9 ай бұрын 744 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар «Ұлы жасыл қорған» жобасының аталған аймақтағы (Африка құрлығы) климатқа қалай әсер ететінін сараптап көрді. Қорғаныс шебі іспетті мұндай орман жолағы Сенегалдан Жибутиге дейін жеті мың шақырымнан аспақ. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сіллтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта Сахелдегі атмосфераға бөлінетін техногендік парниктік газдардың түрлі ықтимал мөлшерін және жасыл желектің тығыздығын есепке алатын бірнеше сценарий әзірледі. Аталмыш сценарилерді моделдеу нәтижесі көрсеткендей, егер Ұлы жасыл қорғанындағы өсімдіктердің тығыздығы төмен болса, жауын-шашын мөлшері аз түседі. Жасыл желектің тығыздығы орташа және жоғары болса, шөлейттің аумағы 33% немесе 16% аспаған жағдайда аймақта жауын-шашын айтарлықтай артады.

 

0 пікір
Мұрағат