Африка халқының саны жылдам өсіп келе жатыр
Африка халқының саны жылдам өсіп келе жатыр
7 жыл бұрын 9858 Business Times Естай Божан

Францияның Ұлттық халық институты (INED) жақында зерттеу нәтижелерін жариялап, қазір әлемде халық саны ең тез өсіп келе жатқан алып құрлық Африка екенін, 2050 жылға барғанда елдің халық саны екі есеге дейін көбейетінін хабарлады. Бұл жөнінде “The Qazaq Times” ақпарат көзі Франция ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасай отырып хабар таратты. INED-нің берген мәліметіне қарағанда, Африканың халық саны қазір 1,2 млрд шамасында болса, 2050 жылға қарай 2,5 млрд адамға дейін көбейеді екен. Ал, 2100 жылға дейін қара құрлықта 4,4 млрд адам өмір сүретін болады делінген. Ал, аталған елдің зерттеу институты "2050 жылға барғанда әлемдегі халық саны 10 миллиардқа жетіп, XXI ғасырдың соңына жеткенде 11 млрд адамнан асады" деген болжам айтады. Африка мен Еуропа халық санының өсу салыстырмасы. Фото: Human Stupidity. INED-тің зерттеу нәтижесі бойынша әлемдегі халық санының өсімі бірте-бірте төмендейді. Бұл" әйелдердің барған сайын туу көрсеткішінің төмендеуінен болады" деген қортынды жасалған. 1950 жылы әлемдегі туылған балалар санын орташа есебі бойынша, бір әйел 5 бала тууға қабілетті деп есептелген. Қазір бұл көрсеткіш 2,5 балаға түсті. Бірақ әр елдегі әйелдердің де туу көрсеткіші алуан түрлі. Мысалы, орташа дамыған Оңтүстік Кореяда әйелдердің туу көрсеткіші 1,2 балаға ортақтасса, соғыс өрті қаптаған Сүрияда бірден 7,3 баланы көрсетеді. Ал Африканың барлық өңірлеріндегі бала туу көрсеткіші 3 баладан жоғары. Осыған қарағанда Африка алдағы уақытта халық саны ең тез өсетін құрлық болады делінген. Африка халқының санының өсуі бұл өңірдегі өлім-жітім көрсеткішінің азаюымен де байланысты деуге болады. Халықаралық қауымдастық пен әлем елдерінен жыл сайын берілетін көмектер және Африка елдерінің әлеуетінің біртіндеп жақсаруы, әсіресе балалардың мезгілсіз өлу көрсеткішін 15 жыл ішінде күрт төмендеткен. Бұл да Африка халқының көбеюіне қарқын берді.  

0 пікір
Мұрағат