Африка елінде ораза талаптарын бұзғандар тұтқындалып жатыр
Африка елінде ораза талаптарын бұзғандар тұтқындалып жатыр
1 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нигерияда қасиетті Рамазан айы басталғалы Кано штатының билігі тұрғындардың ауыз бекіткенін қадағалауға көшті. Бұл жайында islam.kz порталы Tuko ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш штаттың үкіметтік ислами құқық қорғау органы - Хисбах корпусы Рамазан айының алғашқы күні, яғни, ақпан айының 19-ы күні ел көзінше тамақтанғаны үшін тоғыз мұсылманның тұтқындалғанын растады. Кано штатында Нигерияның зайырлы құқықтық жүйесімен қатар шариғи талаптар да қолданылады. Хисбах корпусы мекемелер мен базарлардағы, қоғамдық орындардағы тұрғындардың ораза ұстауын қадағалау үшін бақылау шараларын күшейтті. Хисбах қолбасшысының орынбасары Мүжаһид Аминудин тұтқындалған тоғыз мұсылманның жетеуі ер адам да қалағы (екеуі) әйел адам екенін жеткізді. Олар ораза айы келгенінен хабарсыз болғандарын айтып ақталуда. Оларға ораза мен құлшлық айының маңызы толық түсіндірілгенше қамауда бола тұрады. Осы орайда шариғат талаптары 20 жылдан аса уақыт Нигерияның солтүстігіндегі он екі штатта енгізілгенін айта кетпекпіз. Өйткені, бұл штаттарда мұсылмандар қарасы көп. Осы штаттардың барлығында оразаның ұсталуы қадағаланады.

0 пікір
Мұрағат