Африка елдері Еуропадағы бай елдерге қарағанда несие үшін сегіз есе көп төлейді
|
Қарыз қамыты адамзаттың жартысына жуығын қаржылық апатқа ұрындыруы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш «Қарыз әлемі» деп аталатын баяндамасында осындай дерек келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол бүгінгі қаржы жүйесі отаршылдық кезеңде негізі қаланған теңсіздікті тудырып отырған мәлімдеді. Сондай-ақ, ол 3,3 млрд-қа тарта адамның білім мен денсаулыққа төлейтін қаражатына қарағанда қарыз пайызын жабуға көп ақша жұмсайтынын жеткізді. 2022 жылы әлем елдерінің қарыз бойынша берешегі рекордтық деңгейге жеткен – 92 трлн доллар. Бұл қаражаттың көбісі дамушы елдерге тиесілі. Бұған қоса, әлемде пайыздық мөлшерлемені қалағанынша өзі белгілейтін жекеменшік несие беруші ұйымдар қарасы көбейіп келеді. Орта есеппен Африка елдері АҚШ-тан төрт есе, ал Еуропаның ең бай елдерінен сегіз есе көп несие төлейді. Халықаралық валюта қорының хабарлауынша, «қарыз тізімінде» 36 ел тұр, дағдарысқа ұшыраған немесе дағдарыс қарсаңында тұрған елдер бар. Тағы он алты ел жеке кредиторларға өте жоғары пайыздық мөлшерлеме төлеуге мәжбүр.