Адамзаттың қатары 78 млн адаммен толықты
|
АҚШ-тың халық санағы бюросының дерегінен қарағанда, 2016 жылдың қаңтар айының 1-і күні адамзат 7,3 млрд адамды құраған. Бұл жайында «zn.ua» ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, 7 млрд 295 млн 889 мың 256 адамға көбейген немесе бір жылдың ішінде 78 млн адамға (1,08%) артқан. Халық саны жағынан, әлбетте, қытайлар көш бастап тұр - 1,367 миллиард адам. Одан кейінгі орында үнділер тұр - 1,252 миллиард. Үндістаннан кейінгі орынға АҚШ жайғасқан - 322,762 млн. Содан кейінгі орынға Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Нигерия, Бангладеш, Ресей Федерациясы, Жапония елдері табан тіреген. Халықаралық қолданбалы жүйелі талдау институтының 550 сарапшысы бірауыздан мынадай тұжырымға келген: 2070 жылы адамзат шамамен 9,4 миллиард адамды құрайтын болады. Бұл – ең рекордтық көрсеткіш. Осы ғасырдың соңына таман тоғыз миллиардқа дейін азаймақ. 2050 жылы әлемде мұсылмандар мен христиандар теңеседі.