|
Адамзаттың кесірінен 10 жылда өркениетпен байланысы жоқ тайпалардың жартысы жойылады
|
Егер бүгіннен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғауға арналған тиісті әрі пәрменді шаралар қабылданбаса, таяу болашақта, дәлірегі, он жылда адамзатпен байланысы жоқ, өркениет игіліктерінен жұрдай байырғы тайпалардың жартысына жуығына жойылып кету қаупі төніп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде коммерициялық емес Survival International құқық қорғау ұйымының баяндамасынада келтірілген дерекке жөн сілтеген StarsInsider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш баяндамада күллі әлем бойынша адамзатпен байланыс орнатпаған кем дегенде 196 тайпа бары айтылған. Олардың барлығы әлемнің 10 елінде орналасқан. Соның ішінде Оңтүстік Америка қүрлығында, дәлірегі, әлемдегі ең ірі өзен – Амазонка өзенінің аймағында. Мәліметке қарағанда осы тайпалардың 65%-дайы орманның оталуынан жойылса (орман – байырғы тайпалардың тіршілік ету ортасы), 40%-ы тау-кен өнеркәсібінен (кен игеру, қаазбалы байлықты өндіру), ал 20%-ы аграрлық бизнесне, яғни, ауыл шаруашылығынан құрып кетпек.