Адамзаттың алтыдан бір бөлігі ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылған
Адамзаттың алтыдан бір бөлігі ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылған
2 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқан жағдайда Islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сеченов атындағы университетіттің (Ресей Федерациясы) Дмитрий Королев есімді урология және адамның ұрпақ өрбіту денсаулығы институтының доценті, андролог, уролог дәрігері әлемде әрбір алтыншы адамның бедеулік пен белсіздіктен зардап шегіп отырғанын мәлімдеді. Яғни, адамзаттың 17,6 пайызы перзент сүю қабілетінен айырылған. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне (РИА «Новости») сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал белсіздік пен бедеуліктің жыныстық үлесіне келетін болсақ, әйелдерге қарағанда ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылған ерлер қарасы әлдеқайда көп – 50 пайыз. Ғалымның айтуынша, бұған тұқым қуалайтын ауытқу (генетикалық фактор), сусамыр, қан тамыр гипертензия, т.б. аурулар ықпал етіп отыр. Осы орайда адамның ұрпақ өрбіту қабілетінің шарықтау шегі 24 жаста болатынын айты кетпекпіз. Бұл жаста бір жаақындасқаннан бала көтеру мүмкіндігі 25 пайызды құрайды. 

0 пікір
Мұрағат