Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқан жағдайда Islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Цифрлы қатер жаһандық күн тәртібіне шыға бастаған қауіптердің біріне айналған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде www-axa-com.cdn.prismic.io дерек көзіне жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың (2025) жылдың қорытындысы бойынша және халықаралық сарапшыларға жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес бірден екі технологиялық фактор – киберқауіп мен жасанды зерде  - адамзат үшін ең қауіпті төрт қатердің тізіміне енді. Бұл екі аталған қатер, тіпті, әлеуметтік және экономикалық факторлар тарапынан төнетін қауіптерден де асып түскен. Бұл тараптағы зерттеуде әлемнің 57 елінен 4 мыңға тарта сарапшының пікірі ескерілген немесе қамтылған. Киберқауіп 2018 жылдан бастап негізгі қатерлер қатарынан ойып тұрып орын алған екен. 2025 жылы олар жаһандық қауіп-қатер рейтингісінде үшінші орынға тұрақтады. Сарапшылар интернет кеңістігіндегі шабуылдар санының өсуін, мемлекеттер мен бизнестің цифрлық инфрақұрылымға тәуелділігін және аса маңызды жүйелердің мұндай қатерлер алдында осалдығын атап көрсеткен. Жасанды зердеге байланысты қатер алғаш рет алғашқы он қауіптің қатарына кіріп, бірден төртінші орынды иеленді. Есеп дерегі бойынша респонденттердің 43% -ы күрделі АІ-жүйелерге орнатылған бақылауды жоғалтуды басты қауіп, деп санайды. Жекелеген мемлекеттер мен ірі корпорацияларда озық технологиялардың шоғырлануы, сондай-ақ, реттеудің бірыңғай халықаралық ережелерінің болмауы бұл бағыттағы қауіп-қатерді одан ары күшейтеді.

0 пікір
Мұрағат