Адамзат саны 2080 жылдары шарықтау шегіне жетеді
Адамзат саны 2080 жылдары шарықтау шегіне жетеді
6 ай бұрын 976 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымы жаһандық халық санының өсуіне қатысты болжамдарын жаңартты. Онда осы ғасырдың соңына қарай халық санының шыңына жету ықтималдығы 30%-дан 80%-ға дейін өскені айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы biz.liga.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңартылған дерекке сәйкес жер шарындағы халық саны 2080-жылдардың орта шенінде шыңына жетіп, қазіргі 8,2 миллиардтан 10,3 миллиардқа дейін өседі. Осыдан кейін адамзат саны өсуін тоқтатып, біртіндеп азая бастайды. Дегенмен, БҰҰ сарапшылары бірқатар елде халық санының өсу шыңы әлдеқашан өтіп кеткенін атап көрсетті. Бұл елдерге Түркия, Бразилия, Вьетнам, Германия, Қытай, Жапония және Ресей кіреді. Бұл аймақтардағы экономикалық және демографиялық факторлар халық санының тұрақты сипат алғанын көрсетеді. 

 

0 пікір
Мұрағат