Адамзат жетінші планеталық шекараны бұзуға жақын қалды
Адамзат жетінші планеталық шекараны бұзуға жақын қалды
3 ай бұрын 1550 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат көп ұзамай жетінші планеталық шекараны бұзады. Потсдамдағы климат әсерін зерттеу институты ғалымдарының баяндамасында осындай тұжырым жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш баяндамадағы деректер жердің адам әрекетіне төзу мүмкіндігін анықтайтын тоғыз планеталық шекара бар екенін көрсететін көп жылдық зерттеулерге негізделген. Олардың алғашқы алтауының шекарасы әлдеқашан бұзылған, атап айтқанда, климаттың өзгеруінен бұрынғы климат қайта қалпына келу мүмкіндігінен айырылды, биогеохимияның өзгеруі де өз орнына келмейтіндей деңгейге жеткен, биоалуандылықтың жоғалуы, тұшшы су қорының таусылу қарқыны, инвазивті элементтердің пайда болуы және жер ресурстарын пайдалану өз шегінен асып кеткен. Жетінші планеталық шекара «мұхиттың қышқылдануы» деп аталады. Бұл құбылыс енді орнына қайтып келмейтін шекке жақындап келеді, әсіресе, жоғары ендік аймақтарында. Ал бұл құбылыс өз кезегінде теңіз экожүйелеріне қауіп төндіріп қоймай, орасан зор залал келтіреді. Мұхиттың қышқылдануы қалыптасқан қоректік тізбектерді бұзып, мұхиттың климатты реттеу тетігін мейлінше әлсіретеді - көміртекті сіңіру қабілетін төмендетеді. Осы орайда әлемдегі ең үлкен Тынық мұхит суының алпыс пайызға жылығанын айта кетпекпіз. Американың қоршаған ортаны талдау және синтездеу ұлттық орталығының биологтары осыдан бес жыл бұрын алғаш рет адамзаттың әлемдік мұхитқа жалпы әсерін бағалай келе сол кездің өзінде мұхиттың 60%-ның ластанғанын анықтады.

0 пікір
Мұрағат