Адамзат жер планетасын "жою" үшін жыл сайын қанша қаражат жұмсайды
Адамзат жер планетасын "жою" үшін жыл сайын қанша қаражат жұмсайды
3 жыл бұрын 2116 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша жыл сайын қазбалы отындар өндірісі үшін кем дегенде 423 млрд доллар қаражат бөлінеді екен. Бұл арада мұнай, газ және электр энергиясын алуға болатын өзге де ресурстар турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазбалы отын түрлерін өндіруге, өңдеуге және пайдалануға кеткен қыруар қаржы БҰҰ-ның кедей елдерге климат өзгерісіне қарсы күресі үшін бөлетін сомадан 4 есе асып түседі. Бұған қоса, қоршаған ортаға әсерін тигізумен байланысты жанама шығындарды қоса есептегенде бұл қаражат 6 трлн долларға жетеді. Ал Халықаралық валюта қорының келтірген дерегіне қарағанда, дамушы елдерде қазбалы отын түрлерін тұтынуды қолдауға жұмсалатын мемлекеттік ресурстың жартысы ат төбеліндей байларға 20% пайда түсіреді. Осыған байланысты БҰҰ қазбалы отын түрлерін өңдіруге жұмсаған қаржының тиімділігі жоғын әрі әлеуметтік әділетсіздікке жол беретінін мәлімдеді. Жаһандық жылынудың күшеюіне дәл осы энергетикалық сектордың қосып отырған үлесі өте көп өзге зиянды ластауштармен салыстырғанда, яғни, энергетикалық сектордың қоршаған ортаны ластаудағы үлесі - 73%.

0 пікір
Мұрағат