Адамзат бір жылдық табиғи ресурс қорын биыл жарты жылда тауысып қойған
Адамзат бір жылдық табиғи ресурс қорын биыл жарты жылда тауысып қойған
2 жыл бұрын 2858 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шілде айының  28-і күні адамзат күмәнді кезеңді атап өтеді: адамдар бір жылда жер бетінде тұрақты түрде өндіре алатын барлық нәрсені тұтынған күн ретінде алға шығады. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Global Footprint Network және WWF мәліметтері бойынша бұл күн Жердің эко-қарыз күні деп аталады. Бұл күні - адамдар бір жылда экожүйелерді қалпына келтіре алатын барлық нәрсені пайдаланған шыңы. Дәлірегі, Global Footprint Network президенті Матис Уакеррнагелдің айтуынша, қаңтар айының 1-нен шілденің 28-не дейін адамзат кем дегенде 2022 жылдың соңына дейін жетуі тиіс ресурстың барлығын пайдаланған. Яғни, бұдан кейін жердің адамзат тұтынған ресурстың орнын толтыруының бір жылдық қабілеті толық сарқылған күн. Экологиялық борыш күні жыл соңынан алыстап барады. Былтыр шілденің 29-ында келсе, биыл 28-і болып қалды. Тренд 2020 жылы ғана бұзылды, ол кезде пандемияның басталуына байланысты бұл күн тамыздың 22-не тұспа-тұс келген еді. Адамзаттың экологияға тигізерр зардабын, яғни, ізін азайту және эко-қарыз күнін кейінге шегере түсу үшін табиғатқа және оның байлығына саналы түрде қарап, жауапкершілікті сезінуі тиіс, яғни, ұқыпты қарау керек, мысалы, суды, электр энергиясын үнемдеу, қажетсіз тауарларды сатып алмау, экологиялық талаптарды сақтау, т.б.

Дерек көзі: Global Footprint Network

0 пікір
Мұрағат