«Адамзат аса қауіпті аурулардың үшеуімен күресте сәтсіздікке ұшырайды» - мамандар
«Адамзат аса қауіпті аурулардың үшеуімен күресте сәтсіздікке ұшырайды» - мамандар
1 жыл бұрын 808 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Arnd Wiegmann / Reuters

Климат дағдарысы мен әлемнің кей аймағындағы қарулы қақтығыстардың адамзатқа ЖИТС (Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС), туберкулез және безгек ауруларынан біржола құтылуға кедергі келтіріп отырғанын жеткізді ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі жаһандық қордың (The Global Fund to Fight AIDS, Tuberculosis and Malaria, The Global Fund) сарапшылары өз баяндамасында. Аталмыш ұйымның бас атқарушы директоры Питер Сендстің (суретте - ред.) мәлімдеуінше, әлем 2030 жылға қарай бұл ауруларды «ерекше қадамдарсыз» жоя алмайды. Сарапшылардың пікірінше, климаттық дағдарыс пен соғыстар халықаралық денсаулық сақтау бастамаларының дамуына кедергі келтіреді, сондықтан ілгерілеу болмайды. Бұдан бөлек, америкалық биологтардың болжамы бойынша 2070 жылға қарай жер бетінде адам үшін қауіпті мыңдаған жаңа вирустар пайда болуы мүмкін. Ғалымдар вирустардың барлығы бірдей  COVID-19 сияқты пандемияға әкелмесе де түраралық аурулардың саны олардың адамдарға жұғу қаупін арттыратынын түсіндірді.

0 пікір
Мұрағат