Адамның жеке өміріне қол сұғатын заң қолданысқа енді
Адамның жеке өміріне қол сұғатын заң қолданысқа енді
5 жыл бұрын 3180 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда 2020 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, үйлену тойын дүркіретіп атап өтуді шектейтін заң қолданысқа енді. Бұл жайында «Sputnik Узбекистан» ақпарат көзі хабар таратты. Сиясы кеппеген заң талаптары тек үйлену тойына ғана қатысты емес, сонымен қатар, жерлеу рәсімі, марқұмның асын беру секілді қаралы шараларды да қамтиды. Мейлі үйлену тойына болсын немесе басқа да той-томалаққа, т.б. түнгі сағат 23.00-ден кейін тыйым салынады. Бұған қоса, үйлену тойын өткізгісі келетіндер бұл жөнінде жергілікті билік орындарына бір апта бұрын хабарлап қоюы тиіс. Сондай-ақ, шақырылатын меймандар санына да шектеу қойылған. Отбасы мейрамында ары кетсе 200 адамға дейін қонақ шақыруға рұқсат етіледі. Ал палау тарату секілді дәстүрлі ас беруге 250 адам шақыруға дейін рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, тойға шақырылатын үйлену тойының кортежіндегі автокөліктер санына да, әнші-күйшілер санына да, т.б. шектеу қойылған. Аталған ел билігі көп ұзамай отбасылық іс-шараларды өткізудің ережесін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды қарастыратын заңды қабылдауы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат