|
Адамды өлімнен арашалап қалды (видео)
|
Таяуда Қытай елінде адам сенгісіз оқиға орын алды. Түнгі уақытта күре жолдың қиылысынан мотоциклмен өтіп бара жатқан ер адам үлкен жүк көлігінің астына түсе жаздаған. Бейнекамерадағы жазбадан байқалғаны, мотоциклшінің жүк көлігімен соқтығысудан қашып құтылатындай мүмкіндігі мүлде болмағанына қарамастан ол аман қалып отыр. Алайда сол сәтте, сол жерде пайда белгісіз нәрсе мотоциклшіні көлігімен бірге жүк көлігінің астында қалуынан сақтап қалып, қас-қағым сәтте мотоциклшіні жолдың басқа тұсына, қауіпсіз жерге апарып қояды. Бейнежазбада жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысар сәтте пайда белгісіз құбылыстың елесі байқалады. Ол елес мотоциклшіні өлімнен арашалап қалған соң, адамның аман екеніне көз жеткізіп жөніне кете барған. Біреулер мұның монтаж екенін айтып, шындыққа жанаспайды деп отыр. Анығын Алла біледі.