Адам саудасы қатты өршіген ел (өткен жылдың мәліметі бойынша)
Адам саудасы қатты өршіген ел (өткен жылдың мәліметі бойынша)
6 жыл бұрын 4657 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде есірткі, қару-жарақ және адам саудасы негізгі табыс көзі саналады. Адам саудасы Қытай мен Үндістанда қалыпты жағдайға айналған. Адам ұрлау, еңбегін қанау, жұмысқа жегу, тәнін саудалау, ағзаларын сату секілді мақсаттарда адам саудасы әлемнің әр түкпірінде кездеседі. Десе де өткен жылдың қорытындысы бойынша адам саудасынан Тунис елі көш бастаған. 2018 жылы аталмыш елде 780 адам саудасы тіркелген екен. Бұлары тек белгілі болғандары. Адам саудасымен күрес жөніндегі ұлттық басқарма жасаған баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, аталған ел аумағында адам саудасы қарқын алып барады. Жылдан жылға. Құқық қорғаушылардың мағлұматы бойынша адамдар негізінен жұмысқа мәжбүрлеп жегу үшін ұрланады. Яғни, осы мақсаттағы адам саудасының үлесі 49%-ды құрап отыр. Қызық болғанда Тунистегі аталмыш қылмыс құрбандарының денін шетелдіктер құрап отыр - 84%. Десе да бұл елде адам саудасының қарқын алуының себептері айтылмаған. 

0 пікір
Мұрағат