Адам саудасы өршіп келеді
Адам саудасы өршіп келеді
9 сағат бұрын 128 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша адам саудасы пандемия кезіндегі құлдыраудан кейін қайтадан өршіп келеді. 2022 жылы адам саудасы құрбандарының саны 2019 жылмен салыстырғанда 25%-ға және 2020 жылмен салыстырғанда 43%-ға өскен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (ЮНОДК) есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ адам саудасының негізгі өсу себептеріне кедейшілікті, қарулы қақтығыстарды, климат дағдарысын жатқызып отыр. 2022 жылы әлемнің 128 елінде кем дегенде 162 ұлт өкілдері адам саудасының құрбаны болды. Адам саудасы құрбандарының басым бөлігі Африка құрлығының солтүстігінде мен Сахара шөлінің оңтүстігінде орын алған - 31%. Екінші орында Еуропа елдері тұр – 27%. 2022 жылғы балалар саудасының құрбаны болғандар саны 2019 жылмен салыстырғанда 31%-ға артқан. Соның ішінде қыз балалардың үлесі - 38%. Бұрынғыдай адам саудасы құрбандарының басым бөлігін әйелдер мен қыздар құрайды - 61%. Ұлдар негізінен қара жұмысқа жегілетін құл еңбегі үшін (45%) саудаланады, ал ұл балалар қылмыстық әрекеттерге тартылған.

0 пікір
Мұрағат