Адам құқығына қайшы шешім қалайша демократиялық болады?
|

Страсбург қаласындағы Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот Бельгияда ниқаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты. Яғни, бұл тыйымды демократиялық нормаға сай келетінін жариялады. Аталмыш сот ниқаб киюге салынған тыйымды адам құқығына және оның наным-сенім бостандығына қайшы еместігін алға тартып отыр. Ниқабқа заң жүзінде тыйым салынғанына бірталай жыл өтіп кетсе де, яғни, 2011 жылы заң қабылданса да бұл турасында соттың істі қайта қарауына не себеп болды. Оған осы елдің екі азаматы соттың 2011 жылғы үкіміне қатысты шағым түсірген болатын.
P.S. Демократиялық құндылықтарды, егер осылай атауға тура келсе, әлемнің әр еліне ғасырлар бойы қалыптасқан олардың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен санаспай тықпалауға бейім батыс елдерінің бұл қадамы нені аңғартады? Демократияны желеу етіп шыға келетіндер өз мүддесіне келгенде демократия талаптарын таптап өте шығатынына көз жеткізесіз.
Ескерту: Бңз бұл арада ниқаб киюді ақтап алайық деп отырған жоқпыз, біз батыс елдерінде етек алған исламофобиялық құбылыстың қаншалықты тамыр тартып үлгергенін айтқымыз келді.




