Адам құқығын алдыға қоятын Еуропа әлем алдында масқара болды
Адам құқығын алдыға қоятын Еуропа әлем алдында масқара болды
8 жыл бұрын 3076

«Amnesty International» (AI) құқық қорғау ұйымы Еуропалық одаққа мүше елдердің билігін Таяу Шығыстан ағылған босқындарға есіктерін тарас жапқаны үшін қатаң сынға алды. Атылмыш ұйымның Еуропа және Орта Азия жөніндегі бағдарламасының директоры Джон Далхьюзеннің айтуынша, әшейінде адам құқығын жалаулататын кәрі құрлықты жайлаған елдер соғыстан бас сауғалаған босқындардың кеуделерінен итеріп, әлем алдында масқара болды. «Amnesty International» өкілдері босқындарға қолұшын созған жалғыз мемлекетті атады. Ол – Германия. Сондай-ақ, Түркияның да 2 млн-нан аса сириялық босқында аумағына кіргізгенін жеткізді. Ал Ливан мен Иордания 1,7 млн сириялық босқындарды қабылдаған. Аталған ұйымның баяндамасында айтылғандай, өткен жылы Еуропа жағалауына ұмтылған босқындардан 3,7 мың адам суға кетіп өлген. 

0 пікір
Мұрағат