Адам қолымен жасалған зұлмат адам өмірін "жұлып" әкетіп жатыр
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары лауазымды делегациясы Йеменге келіп, тырысқақ індетінен зардап шеккендердің жағдайын өз көздерімен көріп қайтты. Арнайы делегация мүшелері Саудия бастаған коалиция бақылауындағы аумақта да, бүлік шығарған шииттік хусит тайпасы қарамағандағы елді-мекендерде де болды. "Ең қорқыныштысы бұл қасірет адам қолымен жасалып отырғандығында. Оны болдырмауға болатын еді, алайда, әлем түк болмағандай көз жұма қарауда",- деді БҰҰ делегация өкілдері. Дәрігерлердің мәліметінше, Йемендегі тырысқақ індеті - осы заманғы тарихтағы ең қорқынышты зұлмат. Тырысқақ індетіне шалдығу оқиғасы ең алғаш рет 2017 жылдың наурыз айында тіркелген екен. Содан бері, яғни, санаулы айдың ішінде індетке шалдыққандар қарасы 360 мың адамнан асып кеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 600 мыңнан асып кетуі мүмкін. Жұт жеті ағайында, аурумен - сегіз, соғыс, құрғақшылық, ауыз су мен азық-түлік тапшылығы. Жығылғанға жұдырық болып, індет тарады.