Адам «өлтіруді» тиісті процедурасыз орындай беруге рұқсат етілді
Адам «өлтіруді» тиісті процедурасыз орындай беруге рұқсат етілді
5 жыл бұрын 2243 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нидерландыда бұрынғы дәрігер прокурордың пікірі бойынша эвтаназияны жүзеге асыру барысында салғырттыққа жол беріп, кісі өлтірумен тең қылмысқа барды деп санайды. Алайда, сот барысында прокурор науқастың өтінішін орындап ізгі ниетпен әрекет еткендіктен (науқасты ауру азабынан құтқару үшін өлтіру) жазаға лайық емесін алға тартып, ақтап шықты. Эвтаназия арқылы көз ұмған пациент Альцгеймер аурунынан азап шегіп, 2016 жылы бақилық болды. Ақыл-есі бүтін кезінде науқас ауруы асқынып, өзіне өзі есеп бере алмайтын жағдайға жеткенде эвтаназияға келісімін беретінін айтып,  өтінішін жазып кеткен болатын. Аталмыш елдің заңнамасында мұндай өтінішті орындау талабы қарастырылған. Мұндағы мақсат жанына дерт батқан науқастың аурудан соңғы өсиеті мен өтінішін жеткізе алмайтынын ескеріп, алдын ала осындай өтінішті жазбаша қалдырып кетуіне жағдай жасауға саяды. Ауруы асқынып,дәрігермен тілдесуден қалғанда пациент райынан қайтқанын жеткізе алмай, өкініште қалуы мүмкін. Прокурордың пікірі бойынша пациенттің тірі қалғысы келетінін немесе келмейтінін жеткізе алмай қалған жағдайда дәрігер эвтаназиядан бас тартуы керек. Эвтаназияға қатысты сот отырысы тұңғыш рет өтіп тұрғанын айта кету керек. Осы даулы оқиғаның орын алуына байланысты. Естеріңізге сала кетсек, бұрын да хабарлағанымыздай, аталған елде эвтаназияға рұқсат беретін заң 2002 жылы қолданысқа енген болатын.

0 пікір
Мұрағат