Адам мен робот арасындағы соғыс басталып кетті...
Адам мен робот арасындағы соғыс басталып кетті...
2 жыл бұрын 1780 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кенияда шай плантацияларында адамдарды алмастыратын роботтарды бұзып, істен шығарып жатыр. Соңғы жылдары осындай машиналардың кем дегенді оны жанып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Semafor Africa ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кениядағы жұмысшы күшін алмастыруы тиіс роботтардың көбісі істе шыққан. Жергілікті тұрғындардың наразы әрекетінен. Бұл роботтардың көбісі әлемге әйгілі Lipton шай брендіне тиесілі. Аталмыш компанияның бұл тараптағы шығыны 1,2 млн долларға жеткен. Кей робот моделдері  бірден жүздеген жұмысшы күшін алмастыра алады. Бұл компанияға орасан зор пайда әкелетін жоба, өйткені, шай бағасын келісіне 11 центтен 3 центке дейін арзандатуға мүмкіндік беретін жоба. Жұмысшыларға төленетін ақы есебінен. Яғни, жұмысшыларға төленіп келген еңбекақыдан үнемделген қаржы есебінен тұтынушыларға арзан бағада беруге болады. Алайда, соңғы 10 жыл шамасында Керишо аймағында роботтар 30 мың адамды жұмысынан айырған. Міне, осыған алаңдаған жергілікті билік агроөнеркәсіп холдингі қожайындарына шайдың ең құрығанда 40%-ын қолмен жинауға, дәлірегі, жұмысшы күшін сақтап қалуға кеңес беріп отыр. Сөз орайы келгенде 2021 жылы Африка құрлығындағы аталған ел 1,2 млрд долларға шай экспорттағанын айта кету керек. Кения шай экспорты бойынша Қытай мен Шри-Ланкадан кейін орында тұрған үшінші ел. Дегенмен, Африканың шығысындағы бұл елде соңғы жылдары жұмыссыздық белең алып тұр. 

0 пікір
Мұрағат